2013 - 2015 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 8/89 шешімі
(2013.12.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 23 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 9 және 75 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына және «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 7/77 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 2184 болып тіркелген) сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2013.12.03. № 10/110 шешімімен (2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.12.07. № 12/123 шешімімен (2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. 2013-2015 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2013 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 15 261 078,8 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 8 578 243,8 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 541 891 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 629 074 мың теңге;
трансферттер түсімі - 5 511 870 мың теңге;
2) шығындар - 15 950 343,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 6 147 500 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 6 147 500 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 6 836 764,8 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 6 836 764,8 мың теңге, соның ішінде:
қарыздар түсімі - 6 147 500 мың теңге;